КӨКШЕТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында «Адал еңбек – Пайғамбар сүннеті» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

Жиын Құран аяттарын оқумен басталып, бабалар рухына дұға бағышталды. Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков, Ақмола облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыман, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сандыбаев, тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейтқасымов, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл және т.б өңір азаматтары қатысып жатыр.

Жиында еңбек етудің Ислам тарихындағы орны, Фараби тағылымы, Адал азамат идеясы, ардагер жұмысшылардың еңбек жолы, жас ұрпақты еңбекке баулу, ұлт құндылықтары т.б. тақырыптар бойынша баяндама жасалып, еңбек адамының қоғамдағы рөлі дәріптелуде.

 

 

Вам может также понравиться...