Ақмола облысының имамдары республикалық өнер фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді

Атырау қаласында діни бірлестіктер арасында ұлттық өнерді дәріптеуге арналған «Ұлы дала күмбірі» атты фестиваль өтті.
Фестиваль барысында дәстүрлі ән және күй номинациялары бойынша түрлі өңірлерден келген өнерпаздар бақ сынады. Нәтижесінде, дәстүрлі ән номинациясы бойынша Науан Хазірет мешітінің ұстазы Ақаев Арлан жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Ал күй номинациясында Көкшетау қаласындағы Жақия мешітінің наиб имамы Темірханов Темірлан жоғары өнер көрсетіп, ІІ орынға лайық деп танылды.
Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен қызметтеріне береке тілейміз!






