Түлектерді елге шақырды
Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк ислам мәдениеті университетінде биыл оқу бітіретін студенттермен кездесті. Бас имам дін насихаты жайлы айта келіп, жергілікті жерлерде білікті имамдардың жетіспейтіндігін тілге тиек етті. Түлектерді Ақмола облысындағы мешіттерге қызметке шақырды.
Жыл сайын мешіттер де көптеп бой түзеп жатыр. Осы дін үйлері жоғары білімді имамдармен толықса деген тілегін жеткізді.