Шуйское ауылындағы ұжымдық тимбилдинг шарасы

Ақмола облысының аудан бас имамдарына ұжымдық тимбилдинг ұйымдастырылды.Тимбилдинг аясында Атбасар ауданына қарасты Шуйское ауылына арнайы сапар жасады. Сапар барысында қатысушылар ауылдың тұрмыс-тіршілігімен, инфрақұрылымымен және жергілікті шаруашылық ахуалымен танысты.
Бағдарлама аясында ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті саналатын атқа міну мен садақ ату секілді дәстүрлі өнер түрлері ұйымдастырылды.
Аталған сапар имамдардың ел ішіндегі ахуалды тереңірек түсінуіне, ұлттық мұраларды дәріптеуге және рухани байланысты нығайтуға оң ықпал еткен тағылымды ұжымдық тимбилдинг шарасы болды.







