Зиратта сенбілік тазалық жұмысы жүргізілді
Бүгін ҚМДБ-ға қарасты «Қамқор-Шарапат» орталығының ұйымдастыруымен және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты сенбілік аясында зират маңында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Зиратты күтіп ұстау – тек қана міндет емес, сауапты амал. Осы игілікті істі жас ұрпаққа өнегелі түрде жеткізу, дүниеде қадірлі болған мұсылманның қабірін аяқасты етпей, оған лайықты құрмет көрсету – сенбіліктің басты мақсаты болды.
Іс-шара басталмас бұрын мешіт имамдары Құран оқып, қабірде жатқан барша марқұмдардың рухына дұға бағыштады. Бұл игі іске мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат белсенді түрде атсалысты.