Сайыс үздіктері анықталды
Биыл Бас мүфти Наурызбай қажының бастамасымен “Дін және дәстүр құндылығы” жылы болып бекіген еді. Ізгі қоғам қалыптастыру, ұлттық салт дәстүрді насихаттау маңызы артқан биылғы жыл да көптеген игі шаралармен жалғасып жатыр. Науан хазірет мешітінде “Дін мен дәстүр” 1 жане 2 кітабы бойынша жамағат арасында білім сайысы өтті. Оған қырыққа тарта сайыскерлер қатысты.
Екі кезеңнен тұрған сайыстың алдыңғы кезеңінде сайыскерлер тест тапсырды. Озық шыққан бес қатысушы соңғы кезеңде бақтарын сынады. Арнайы билет алып, ондағы сұрақтарға жауап берді. Барлық сұраққа мүдірмей жауап тапқан Нұрлан Серікұлы бас жүлдені иеленсе, қалған екі орын Еркебұлан Сейітұлы және Бауыржан Ғалымұлына бұйырды.