Таза Қазақстан — таза Көкшетау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан” жалпыұлттық акциясын өткізу жөніндегі бастамасы соңғы жылдары өзінің өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Бұл игі іске ақмолалық имамдар да өздерінің үлесін қосып жатыр. Жақында Науан хазірет мешіті Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Көкшетау қаласындағы “Бәйтерек” саябағында тазалық шарасын өткізді. Дін қызметкерлері адамдар демалатын орынды әртүрлі қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды.
Дін адамды рухани тазаруға ғана емес, өзінің айналасындағы табиғаттың да жасарып, жандануына игі әсерін тигізеді.
ҚМДБ Төрағасы Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлыда өзінің бір сөзінде: “Қоршаған ортаны таза ұстау – Аллаға, қоғамға және өзімізге деген құрмет” деген еді. Бүгінгі акция осыған айқын мысал бола алады. Бар тазалық атаулының өзегі де асыл дініміз ғой.
Өз кезегінде облыс имамы Серік Ергебекұлы тазалық мешіттен ғана басталмайды, табиғат аясын күтіп ұстау аса тағылымды іс деді.







