Қайырымдылық турнирі өтті
Көптен күткен Рамазан айына да санаулы күндер қалды. Ізгілік пен мейірімділік айын лайықты қарсы алу мұсылман қауымның басты міндеті іспеттес. Ізгі қоғамның құндылықтарын арттыру, қайырымдылықты насихаттау мақсатында Ерейментау аудандық ‘Тоқан хпзірет” мешіті шағын футболдан турнир ұйымдастырды. Бұл спорттық додаға барлығы жеті команда қатысты. Тартысты өткен жарыста “АО АРЗ 811 КИ “Әскери зауыт” командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, “24 өрт сөндіру бөлімі” және “БЖСМ” футболшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Турнирде өзінің шебер ойынымен көзге түскен Мүсілім Бәкешов (мешіт компндасы) үздік қорғаушы, Мирас Аманжолов (“24 өрт сөндіру бөлімі) үздік шабуылшы, Әлиасқар Қуандықов (“БЖСМ”) үздік қақпашы, Мақсат Мағрұпов (“Әскери зауыт”) үздік ойыншы аталымдары бойынша марапатталды.
Жеті команданың жарнасы ретінде жиналған 115 мың теңге қаражат дертке шалдыққан Теңдік Берікұлының ем қабылдауына жұмсалатын болды.
Бас имам Еркебұлан Олжабайұлы мұндай қайырымдылық турнирін жыл сайын өткізуді дәстүрге енгізуді ұсынды.