Имамдар Оразаға дайындықты пысықтады

 

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбиттің төрағалығымен “Болашақ” сарайында облыстың аудандары мен қалаларының имамдары қатысқан алқалы басқосуы болып өтті. Онда алдағы Рамазан айына дайындық мәселесі қаралып, талқыланды. Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының үндеуінде айтылған жайлар әңгіме өзегіне айналды. Әсіресе, Ораза айын аса тағылыммен өткізу, ізгі қоғам қағидаттарын насихаттау аса маңызды екені айтылды. Ауызашар беретін  асханаларда халал талаптарының сақталуы және көбірек қайырымдылық іс-шараларды жасау жағына назар аудару тапсырылды.

 

Вам может также понравиться...