«Құранға барар жол» атты рухани шара өтті

Көкшетау қалалық Жақия қажы мешіт, әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Чекушева Махаббат ұстаз «Құранға барар жол» атты рухани шара өткізді.

Шарада Құран жолында білім алып жүрген шәкірттердің ықыласы, жауапкершілігі туралы айтылды. Сонымен қатар аталмыш іс-шарада Ақмола облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Мұрат Айгерім уағыз айтты. Ұстаз Құранның әрбір мұсылманның өміріндегі маңыздылығын және мұндай шаралардың өскелең ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті. Балалар оқудағы жетістіктері үшін түрлі сертификаттармен марапатталды. Құранға енді түскен шәкірттерге арнайы оқи бастаған қыздарға мусхафтар мен сертификаттар табыс етілді.
Кеш соңында ұйымдастырушылар жиналғандардың барлығын келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, сыйлықтар мен тәтті тағамдар таратылды. Іс-шара жылы, рухани атмосферада өтті.

Вам может также понравиться...