Зекет – берекенің бастауы: Ақмола облысында тағылымды кездесулер өтті

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсұтұлы Ақмола облысына арнайы іссапармен келді.
Іссапар аясында Ерейментау және Қорғалжын аудандарына барып, жергілікті кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының иелерімен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында Ислам дінінің бес парызының бірі – зекеттің мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, оның қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттырудағы, мұқтаж жандарға қолдау көрсетудегі және береке-бірлікті нығайтудағы рөлі жайында насихат айтылды.
Сондай-ақ қатысушылар зекеттің есептелуі, оны берудің тәртібі және қайырымдылық жасаудың сауабы жөнінде өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еркін пікір алмасты.






