«Үмітке толы Рамазан» атты рухани кеш өткізілді

Рамазан айы қарсаңында Ақмола облысы әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Үмітке толы Рамазан» атты рухани кеш өткізілді.
Іс-шараға 120-дан астам апалар мен қыз-келіншектер қатысты. Кеш қасиетті Құран оқумен басталып, Рамазан айының қадір-қасиеті мен рухани мәні жайында уағызбен жалғасты.
Бағдарлама барысында:
•қызықты ойындар мен шаралар ұйымдастырылды;
•жыр шумақтары мен Рамазанға арналған өлеңдер оқылды;
•ұлттық аспаптарда күй шырқалды;
•әсерлі көрініс қойылып, Рамазанның тәрбиелік мәні ашылды;
•дәстүр бойынша шашу шашылды.
Кештің ең маңызды сәттерінің бірі – Науан Хазірет мешіті және Жақия қажы мешіті шәкірттерін марапаттау рәсімі болды. Атап айтқанда, 60-қа жуық шәкірттің Құранға түсуіне байланысты арнайы марапаттар табысталды.
Кеш қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, Рамазан айына деген үміт пен шабыт әкелді.

Вам может также понравиться...