Мешітте бүлдіршіндер бір қуанды
Оқу жылы жақындаған сайын көп отбасылар әбігерге түседі. Балаларын киіндіріп, оқу құралдарымен қамтамасыз ету әсте оңай емес. Әсіресе, көп балалы отбасыларға қиын.
Науан хазірет мешіті жыл сайынғы дәстүрмен «Мектепке жол —2023» жобасы аясында қайырымдылық шарасын өткізді. Бас имам Қуаныш Сәбит көп балалы отбасылардың балаларына көмек көрсету осындай игі шаралар аясында ғана емес, ұдайы назарда болатынын айтты. Осылай қайырымдылық акциясы барысында 5 миллион 286 мың теңгенің киімдері мен оқу құралдарын барлығы 514 бүлдіршінге табыс етті.