Қала әкімі мен мәслихат хатшысы Степногоск мешітінде болды
Степногорск—Ақмола облысының өндірісі өркендеген қаласы саналады. Кезінде іргелі кәсіпорындарының өнімдері әлемдік нарыққа да шыққан еді. Қазір де бұл сала құлашын кеңге жайды.
Экономика өз алдына рухани құндылықтарға да назар аудару уақыт талабы. Паң Нұрмағамбет атындағы мешіт имани-рухани ошақ десек артық айтқандық емес. Бұл мұсылман мешітіне күн сайын келімді-кетімді адамдар көп. Бірі бес парызын орындаса, енді бірі шариғат рәсімімен сәбиіне азан шақырып ат қойғызады. Осылай әртүрлі рәсімдер жалғасын табады.
Бұл мешіттің салынғанына да жиырма жылдан асты. Қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жылы еден төселді, сыртқы қабырғалары да жөнделу үстінде. Осы жайға қаныққан Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов және қалалық мәслихат хатшысы Олжас Жағыпаров өздерінің қолдау жасайтындықтарын айтты. Қоғамда имани тәрбиеге жан-жақты көңіл бөлініп жатқанда исламның дәстүрлі жолын жалғау бәріміздің ортақ ісіміз деді қала әкімі.
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік басшыларының мешітке сапары кезінде Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы бірге болды.