Ақмола облысы мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылды

Бүгін Ақмола облысының барлық мешіттерінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне арналған айт намазы оқылды. Таң сәріден мешіттерге жиналған жамағат мерекелік құлшылыққа қатысып, бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді.
Ақмола облыстық Науан Хазірет мешіті мешітінде облыстың бас имамы Қуаныш қажы Қоңыратбайұлы Құрбан айттың маңыздылығы жайлы уағыз айтып, жамағатқа құрбандық шалудың рухани мәні мен шариғаттағы орны туралы пайдалы насихат жеткізді.
Уағыздан кейін айт намазы оқылып, айт құтпасы жасалды. Сонымен қатар еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы мен бірлігі үшін дұға етілді.






