Құрбан айт қарсаңында дайындық жиналысы өтті

Көкшетау қаласында алдағы Құрбан айт мерекесіне байланысты имамдардың дайындық жиналысы өтті. Жиынды Ақмола облысының өкіл имамы Қуаныш Жұмабайұлы жүргізді.

Кездесу барысында Құрбан айт күндеріндегі ұйымдастыру жұмыстары, айт намазын өткізу тәртібі, құрбан шалу орындарындағы дайындық және жамағатқа қызмет көрсету мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, имамдарға нақты тапсырмалар беріліп, мереке күндеріндегі жұмыстар жан-жақты пысықталды.

Жиын соңында Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізу үшін бірқатар міндеттер белгіленді.

Вам может также понравиться...