Көкшетауда қоғамдық тамақтану орындарына «QMDB HALAL» куәлігі берілді

Көкшетау қаласында қоғамдық тамақтану саласында адал стандарттарды ілгерілету мақсатында бірқатар мекемелерге QMDB HALAL сертификаттары табысталды.
Атап айтқанда, «Румман», «Burger et», «24 асхана», «Ассалам», «Shanyraq», «Kiki’s Chicken» және «Jakyn» асханалары халал талаптарға сәйкестігін растайтын ресми куәлікке ие болды.
Сертификаттау барысында аталған мекемелердің тағам әзірлеу үдерісі, шикізаттың шығу тегі, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы және қызмет көрсету талаптары жан-жақты тексерілді. Нәтижесінде, белгіленген стандарттарға толық сәйкес келген нысандарға «QMDB HALAL» куәлігі берілді.
Бұл бастама тұрғындарды адал әрі сапалы тағаммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған.







