Имамдар жылдық есептерін тапсырды

Уақытпен уақыт алмасқан жылдың жаңа күнге алмасқан сәті таяған сайын өткен кезеңдегі жұмыстарын екшеп, есептерін ұсыну жылдағы дәстүр іспеттес. Ақмоланың аудан және қала имамдары облыс орталығында жылдық есептерін тапсырды. Басқосудың басында облыс имамы Қуаныш Сәбит жақында Мүфтидің шешімімен марапатталған Науан хазірет мешітінің наиб имамдары Диас Байжігітов пен Әділбек Нұржауарға Алғыс хаттарды табыс етті.
Жуырда Мүфтиятта өткен жылдық есеп беру жиналысында Ериментау ауданындағы Тоқан хазірет мешітінің тазалықшысы Амангелді Айтмағамбетов арнайы аталым жеңімпазы атанып, Мүфтидің сыйлығын алған еді.
Одан әрі әр өңірден келген имамдар жыл бойы атқарған жұмыстарын саралады. Жағымды жұмыстармен қоса, кемшін тұстар да тілге тиек етілді. Әсіресе, Мүфтияттың негізгі тапсырмаларының ойдағыдай орындалғаны, діни оқу-ағарту және насихат жұмыстары да өз ырғағымен жүзеге асқаны аталып өтті. Бүгінгідей діни ахуал барысында ой толғайтын мәселелер де айтылды. Асыл дініміздің ұлттық салт дәстүрмен біте қайнасқан жайларына да тоқталды.
Басқосу соңында бас имам өз атынан барша имамдарды атқарылған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді. Ал, Қызылсуат ауылының имамы Саят Серікұлы (Целиноград ауданы)«Үздік ауыл имамы», Қосшы қаласының имамы Төлеген Арғынбайұлы «Үздік аудан имамы», Жақия мешітінің бас имамы Алмат Махмұтұлы (Көкшетау қаласы)«Үздік қала имамы» аталымдары бойынша үздік деп табылып, Алғыс хатпен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Вам может также понравиться...