БУРАБАЙДА МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Бурабай ауданында мешіт жамағаттары арасында ұйымдастырылған облыстық волейбол турнирі жоғары деңгейде өтті. 🏐
Спорттық шараға өңірдің әр ауданынан келген командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысқа толы кездесулер барысында қатысушылар шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, ауызбіршілік пен бауырмалдықтың жарқын үлгісін танытты.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды:
🥇 І орын — 250 000 теңге
🥈 ІІ орын — 150 000 теңге
🥉 ІІІ орын — 100 000 теңге
Аталған турнирдің басты мақсаты – мешіт жамағаттары арасындағы ынтымақты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және спорт арқылы жастарды татулық пен ұйымшылдыққа баулу.
Осындай игі шараның өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға, төрешілерге және барлық қатысушы командаларға алғыс білдіреміз. Алла Тағала бірлігімізді арттырып, берекемізді еселей берсін!






