ҚҰРБАН АЙТТА 1575 ОТБАСЫҒА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІ ТАРАТЫЛДЫ

 

Құрбан айт мерекесі күндері Ақмола облысы бойынша Алла разылығы үшін құрбандықтар шалылып, әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасыларға құрбандық еті үлестірілді.

Үш күн ішінде өңір мешіттері мен қайырымды жандардың қолдауымен барлығы 1575 отбасыға және 20 мекемеге құрбандық еті жеткізілді.

Жалпы есеп бойынша:
– таратылған қой еті – 9423 кг;
– таратылған сиыр еті – 2380 кг;
– қамтылған отбасы саны – 1575;
– қамтылған мекеме саны – 20.

Құрбан айт күндері жасалған бұл игі шара мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап, қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдықтың нығаюына үлес қосты.

Алла Тағала құрбандық шалған азаматтардың құлшылықтарын қабыл етіп, жасаған қайырымдылықтарын еселеп қайырсын!

Вам может также понравиться...