Халал сертификаттарын табыс етті
Бүгінде табиғи таза, сапалы өнімге деген сұраныс өте жоғары. Бұл адам ағзасына да жұғымды болуы да маңызды жай. Қазір жер-жерде осындай адал өнім өндіріп, тұтынушыға сататын кәсіпкерлерге арнайы сертификаттар берілуде.
Бүгін Көкшетау қаласында бір жерлік ас, жеңіл дайындалатын тағам жасайтын «NR FOOD» кәсіпкерлік нысанына Халал сертификаты табыс етілді. Жеке кәсіпкер «Райхан» өз ісіне жауапкершілікпен қарайтынына уәде берді.