Жалған ақпарат жарға жығады
Науан хазірет мешітінде «Фактчекинг – жалған ақпарат жарға жығады» тақырыбында семинар болып өтті. Оған жергілікті дін қызметкерлері қатысты. Жиналғандар алдында «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан сөз сөйлеп, әлеуметтік желідегі ақпараттардың жалғандығын қалай ажырату керектігі жөнінде ой қозғады. Бүгінде бұл өзекті мәселе екені анық. Жалған ақпараттар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, адамды адастыратыны еш жасырын емес. Сақтану жолдары әрқашан адамға дұрыс бағдар көрсетеді. Әсіресе, дін қызметкерлеріне бұл аса қажет ақпараттар болып табылады.
Сонымен бірге, Науан Мүтәлұлы «Халал өнімдер» туралы ақпарат беріп, түрлі қоспалардың адалы мен арамын ажырату жайлы айтты.
Ал, Ұлан Шәріпов пәтуә беру әдебінің әртүрлі мәселелерін сөз етсе, Серік Халықов Құран тағылымы жөнінде ойларды ортаға салды.