«Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында қаржылай көмек көрсетілді

«Кім мұсылман бауырының қажеттілігін өтесе, Алла Тағала оның қажеттілігін өтейді» деген хадиске сай,
Зекет және қайырымдылық бағыты аясында жүзеге асырылып жатқан «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша қайырымдылық көмек көрсетілді.

Өрт салдарынан тұрғын үйі мен автокөлігі толықтай жанып кеткен Бек Мизамұлы ағамызға жамағаттың қолдауымен 3 000 000 (үш миллион) теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.

Жиналған қаражатты Ақмола облысының өкіл имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы жұма күні жамағат алдында мұқтаж азаматқа салтанатты түрде табыстады.

Вам может также понравиться...