Қарттар үйінде ауызашар берілді

Асыл дінімізде қарттарды құрметтеу – үлкен сауапты амал екені баршамызға аян. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кімде-кім қартты құрметтесе, Алла Тағала оған қартайған шағында құрмет көрсететін жанды нәсіп етеді» деп өсиет еткен.
Осы ізгі қағиданы басшылыққа ала отырып, Көкшетау қаласындағы Ақниет қарттар үйінде зекет және қайырымдылық жобасы аясында ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шарасы зекет және қайырымдылық бөлімінің Ақмола облысы бойынша өкілі Науан Мүталұлының ұйытқы болуымен өтіп, қарттарға ерекше құрмет көрсетілді.
Шара барысында ақсақалдар мен әжелерге ауызашар беріліп, ізгі тілектер айтылып, рухани қолдау көрсетілді.






