Құрбан айтқа орай ұлттық мерекелік іс-шара өтті

Жұма күні Құрбан айт мерекесінің құрметіне Науан хазірет мешітінде ұлттық нақыштағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мешіт ауласына киіз үй тігіліп, жиналған жамағатқа ұлттық ойындар ойнатылды. Сонымен қатар, мерекелік жәрмеңке өтіп, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында халқымыздың салт-дәстүрі насихатталып, Құрбан айттың рухани мәні мен берекесі кеңінен дәріптелді.

Вам может также понравиться...