Қасиетті Қағба пердесі мешітке тарту етілді

Өңірімізге белгілі кәсіпкер Ермек Сағидұлы Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітіне қасиетті Қағбаның сертификатталған есік пердесін (кисуаны) сыйға тартты.

Аталған перде – Қағбаның есігіне ілінетін ерекше қасиетті жәдігер. Ол қара матадан тігіліп, алтын және күміс жіптермен кестеленген. Сондай-ақ, бетіне Құран аяттары көркем өрнекпен нақышталған. Бұл бұйым өзінің рухани мәнімен қатар, көркемдік әрі мұражайлық құндылығы жоғары дүниелердің бірі саналады.

Жұма күні аталған кисуа мешіттің михрабына ілініп, жамағатқа ресми түрде таныстырылды. Іс-шара барысында Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы мен кәсіпкер Ермек Сағидұлы жиналған қауымға оның мән-маңызы туралы айтып өтті.

Мұражайдың ресми сайты: https://dim99.com/

Вам может также понравиться...