Бурабай кентінде садақ атудан республикалық ашық турнир өтті

Бурабай кентінде садақ ату спортынан қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының атындағы «Оқжетпес»  республикалық ашық турнирі болып өтті. Бұл спорттық жарыс  Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және  дене шынықтыру істері комитеті және  Ұлттық спорт қауымдастығы бекіткен арнайы ереже бойынша өтті. Турнирді «Садақ ату» республикалық садақ ату федерациясы, Ақмола облыстық федерациясы және облыстық спорт басқармасы ұйымдастырды.

Бір атап өтерлігі, еліміздің әр түкпірінен келген садақшылар қазақтың ұлттық спорт түрі бойынша жекелей сында  «Қалқан», «Жамбы» және жаңа нысана 300 метрлік«Оқжетпес» нысаналары бойынша өз бақтарын сынады. Жарыс он сегіз жасқа толған  ерлер және әйелдер  қатысты.

Ұлттық спорттың осы түрі бүгінде кең өріс алып, жандана бастады. Бұл турнир де соның бір айғағы іспеттес. Кене ханның туған жерінде өтуінің де өзіндік сыры бар. Азаттық үшін күрескен бабамыздың аттың үстінен түспей, жаугершілікте өткен өмірі бүгінгі жастарға өнеге. Сондықтан садақ ату аса тартысты өтіп, жүзден жүйрік озғандар анықталды.

Атап айтсақ, ерлер арасында «Жамбы» нысанасы бойынша бас жүлде Али Сесигиюзелге бұйырса, екінші орынды Оразай Қайырсапин алса, үшінші орындарды Нұрболат Жақсылық пен Назар Көпбаев иеленді.

Сонымен бірге, «Қалқан» нысанасы бойынша: Сырым Жарылғатаев (1 орын), Кенжеғали Асаров (2 орын) және Ербол Тапенов, Абылайхан Қанат  (3 орын) алса, «Оқжетпес» нысанасында: Абзал Елубаев (1 орын), Мақсат Әбдікеримов (2 орын) және Азамат Нұртаев (3 орын) жүлделерге ие болды.

Ал, қыздар арасындағы жарыстың қорытындысы төмендегідей:

«Жамбы» нысанасы бойынша:

1 орын — Әсемгүл Ғалымжанова;

2 орын — Айкөркем Батихан;

3 орын – Гүлнәз Жариева және Анжел Тарыца;

«Қалқан» нысанасы бойынша:

1 орын — Әсемгүл Ғалымжанова;

2 орын – Сабира Жаппар;

3 орын – Гүлнәз Жариева және Талшын Шарғынова;

Ұлттық садақ ату сайысында жүлде алғандар арнайы сыйақы және дипломдармен марапатталды.

Вам может также понравиться...