Шаруалар пәтер сыйлады
Ораза айында адамдарға мейірімділік пен ізгілік көрсету сауабы мол іс. Ең бастысы, басында мұңы мен мұқтажы бар адамды қуанту қандай ғанибет дейсің. Еліміздің мұсылмандар діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге!» қайырымдылық жобасы аясында тағы бір қуанышты оқиға орын алды. Бұл жолы Ерейментау ауданында жергілікті шаруа қожалықтары Тоқан хазірет мешіті арқылы осы дін үйінде жиырма жылдан бері тазалықшы болып істейтін Амангелді Қабышұлына екі бөлмелі пәтер сыйлады.
«Зекет» қайырымдылық қоры бастамасымен берілген бұл Рамазан айындағы он алтыншы пәтер болып табылады. Пәтер кілтін сыйлаған ауданның бас имамы Еркебұлан Олжабайұлы алдағы уақытта да осындай ізгілік көмектер көрсетілетінін атап көрсетті.