АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Ақмола облысында имамдардың діни білімін жетілдіру және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға облысқа қарасты аудан және қала мешіттерінің бас имамдары қатысты.

Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен негізгі бағыттар бойынша дәрістер оқылып, діни қызметтің өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жат ағымдардың алдын алу, оларға қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімді тәсілдері қарастырылып, имамдардың уағыз-насихат және ағартушылық қызметін жетілдіруге баса мән берілді.

Семинарға арнайы Алматы қаласындағы Қарағайлы мешіті имамы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аға оқытушысы Ернар Мәженұлы қатысып, ислам тарихы тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында ислам өркениетінің қалыптасуы, мұсылман ғұламаларының мұрасы және тарихи тәжірибенің бүгінгі қоғам үшін маңызы кеңінен түсіндірілді.

Жиын соңында Ақмола облысының өкіл имамы Қуаныш Жұмабайұлы семинарды сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Вам может также понравиться...