РАНТ мүшесі Ерейментау ауданына сапармен келді

Ақмола облысы, Ерейментау ауданына Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі Медет Қажуев арнайы сапармен келді.

Сапар аясында мешіт жамағатымен, аудан әкімдігінің қызметкерлерімен, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерімен және аудан тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында жат ағымдардың қоғамға тигізетін зияны, дәстүрлі діни құндылықтарды сақтау, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Медет Қажуев өз баяндамасында азаматтарды діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алуға шақырып, жастарды теріс идеологиялардың ықпалынан сақтандырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қоғамдағы татулық пен келісімді сақтау, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу мәселелерін жан-жақты баяндады.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Іс-шаралар өзара пікір алмасу алаңына айналып, ел бірлігі мен рухани қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды кездесулердің бірі болды.

Вам может также понравиться...