Көкшетау қаласында Ақмола облысына қарасты аудан бас имамдарының кезекті тоқсандық жиыны өтті

Жиын барысында Ақмола облысының өкіл имамы Қуаныш Жұмабайұлы жыл басынан бері атқарылып келе жатқан жұмыстардың орындалу барысын саралап, ҚМДБ бекіткен негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылған іс-шараларға тоқталды. Сонымен қатар, жоспарлардың орындалу деңгейі қадағаланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен нақты тапсырмалар жүктелді.
Кездесу аясында аудан бас имамдары өз өңірлеріндегі діни ахуал жөнінде баяндап, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ, діни қызмет саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, оларды тиімді шешу жолдары қарастырылды.
Жиын барысында ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша жұмысты жандандыру, ақпараттық-түсіндіру қызметін күшейту, діни тұрақтылықты сақтау және жат ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Басқосу өзара тәжірибе алмасуға, ортақ мақсат-міндеттерді айқындауға және алдағы жұмыс жоспарын пысықтауға арналған маңызды алаң болды.






