Көкшетауда көше тазалықшыларына ауызашар таратылды

Қасиетті Рамазан айында игі істер жалғасын табуда. Көкшетау қаласында қала тазалығын қамтамасыз етіп, күн сайын көшелердің көркеюіне еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлеріне ауызашар таратылды.

Аталған шара барысында көше тазалығына жауапты еңбек адамдарына ауызашарға арналған тағамдар үлестіріліп, оларға алғыс пен құрмет көрсетілді. Бұл игі бастама – қоғам игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға қолдау білдірудің және Рамазан айындағы қайырымдылық пен мейірімділіктің көрінісі.

Аталған қайырымдылық шарасының өтуіне Жақия қажы мешітінің бас имамы Ұлан Шарипов және ҚМДБ-ның Зекет және қайырымдылық бөлімінің Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі Науан Муталов ұйытқы болды.

Осындай қайырлы іс-шаралар адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, береке мен бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз.

Вам может также понравиться...