Мәуліт айында салауат айтып, жарысты
Алланың елшісінің (с. ғ. с.) дүниеге келген айында тағылымға толы шаралар көптеп өтуде.«Адамзаттың ізгісі — Әз Мұхаммед» атты салауат айту жарысына он бес шәкірт қатысты. Жарыстың талабы бойынша шәкірттер он күн бойы үзбей Пайғамбарымызға салауат айтуы тиіс. Сөйтіп, бас жүлдені Бекжан Сүлейменге бұйырды. Ол 67000 салауат айтқан екен. Ал, сәйкесінше 50933 және 45000 салауат айтқан Ерлан Аманғабылұлы мен Алмас Құрбановтар жүлделі екінші және үшінші орындарды иеленді.