Құранды жатқа оқыды

Жақия қажы мешітінде “Құран секторының” ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы мешіттерінің шәкірттері арасында байқау болып өтті. Онда сайысқа қатысушылар Құран аяттарын жатқа оқып, өздерінің білімдерін ортаға салды. Байқау қорытындысында 1 орынды “ Етекбай молда” мешітінің шәкірті Шаймұрат Ерсұлтан иеленіп, 30 мың теңге сыйақы алды. Ал қалған жүлделі екі орынды Ықылас “мешітінің шәкірті Алихан Ерланұлы және “Жақия қажы” мешітінің шәкірті Дауренбек Ергешбаев өзара бөлісті. Оларға сәйкесінше 20 мың және 10 мың теңге сыйақы берілді. Жарысқа қатысқан басқа шәкірттер де құралақан қалған жоқ. Ынталандыру ретінде ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етілді.













Вам может также понравиться...