Балалар демалып, сауат ашты

Науан хазірет мешітінде балалардың жазғы демалысын ұтымды өткізу мақсатында “Имани жаз” курсы ұйымдастырылды. Жиырма күндік курс барысында балалар демалып, сауаттарын ашты. Олар “Имандылық әліппесі” оқулығы бойынша тәлім алды.
“Тазша бала” ойын-сауық орталығында мешіттің демеушілігімен ойын түрлері бойынша сайыстар өткізілді. “Ең алғыр шәкірт” , “Қолғанат” және басқа да аталымдар бойынша үздіктерге сыйлықтар табыс етілді. Бірі велосипед алса, енді бірі аудио құралдарға ие болды.
Шара соңы дастархан басындағы ас мәзірімен жалғасты.

Вам может также понравиться...