Асың адал болсын…

Бүгінде адал астың ағза үшін нәрі аса жоғары екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Ұлттық тамақтану ұғымында да, ислами құндылықтарда да адал астың мәні зор. Ел Мүфтияты осы мақсатта арнайы бөлім ашып, жер-жердегі тамақтану және азық-түлік шығаратын кәсіпорындарды сертификаттауды қолға алған еді.
Жақында “Халал даму” бөлімінің бас ветеринариялық санитария маманы Данияр Сафиев арнайы іс сапармен Көкшетау қаласында болды. Осындағы аталған бөлімнің жергілікті жауапты тұлғасы Науан Мүтәлұлымен бұрын сертификатталған бірқатар кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орталықтары тексерілді. Оның барысында ешқандай кемшілік табылған жоқ.
Алда мұндай тексерістер ұдайы жүргізіліп отырмақшы. Табиғи таза өнімге деген сұраныс артып отырғанда Мүфтияттың бұл мәселені назарға алғаны жақсылықтың нышаны.

 

Вам может также понравиться...