Ақмола облысы: әйелдер арасында «Ясин» сүресін мәнерлеп оқу сайысы өтті

28-қыркүйек күні, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Науан Хазірет мешітінде облыстық «Құран Кәрімдегі Ясин сүресін мәнерлеп оқу» сайысы өтті.

Сайысқа қатысушылар Құран Кәрімдегі Ясин сүресін мәнерлеп оқу бойынша бақ сынауға 23 үміткер қатысты. Қатысушыларға – Құран ережесіне сай, қатесіз, мәнерлеп оқу талабы қойылды. Аллаға сансыз шүкір, елімізде жыл санап қариларымыздың қатары және Құранға түсушілер қатары артып келеді. Бүгінгі сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз – қоғамда Құранға деген құрметті арттыру, шәкірттерді Құранды көркем оқуға жігерлендіру, жалпы халыққа Құран құндылықтарын насихаттау.
Сайыста — Науан Хазірет мешітінің ұстаздары — Мұрат Әйгерім Қазбекқызы, Нургалиева Диана Кенжетаевна және Жақия қажы мешітінің ұстазы, әйел-қыздар секторының жетекшісі — Өмірбек Гүлнара Жұмабайқызы әділ-қазылық етті.

Сайысымыздың жеңімпаздары:
I орын — Бурабай аудандық мешітінің шәкірті — Мұсылман Перизат
II орын — Науан Хазірет мешітінің шәкірті — Боханова Әйгерім
III орын — Паң-Нұрмағамбет мешітінің шәкірті — Әбдәлім Тоғжан

Вам может также понравиться...