Қариларымыз республикалық Құран байқауында жүлделі орындарға ие болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Жетісу облысы, Талдықорған қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIV республикалық байқау өтті.
Аталған байқауға Ақмола облысынан 10 пара бойынша — Дадажанов Росул, 20 пара бойынша — Молдин Ахат, 30 пара бойынша — Ығылман Мұхаммед, ал мәнерлеп оқу бойынша — Нұрмурат Абдулла қатысып, өңір намысын қорғады.
Байқау нәтижесінде, мәнерлеп оқу бағыты бойынша Нұрмурат Абдулла ІІ орынды иеленіп, 500 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды. Ал толық 30 параны жатқа оқудан Ығылман Мұхаммед ІІІ орын алып, 3 000 000 теңге ұтып алды.
Барлық қатысқан қариларға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің атынан алғыс хаттар табысталып, ұйымдастырушылар тарапынан 70 000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлығы берілді.