Бурабай аудандық мешітінде Мәуліт кеші өтті

Бурабай аудандық мешітінде Мәуліт мерекесіне орай рухани кеш ұйымдастырылды. Шараға арнайы қонақ ретінде Науан Хазірет мешітінің ұстазы Арлан Аманжолұлы мен қари Болат Сүлейман келіп, жұма уағызын жүргізді.

Кеш барысында Садуақас Ғылманидың әйгілі «Мәуліт жыры» оқылып, жамағатқа насихат айтылды. Сондай-ақ, сұрақ-жауап арқылы пайдалы мәлімет беріліп, жиналған қауымға арнайы дастархан жайылды.

Мұндай игі шаралар мұсылман қауымының бірлігін арттырып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілікті күшейте түсетіні белгілі.

Вам может также понравиться...