Ақмола облысына қарасты ауыл имамдарына арналған оқыту семинары өткізілді.

Оқыту семинарын Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» басшысы Нұркен Тілеубаев кіріспе сөзбен ашты. Қоғамды толғандырған мәселелердің өзекті екенін айта келіп, дін қызметкерлерінің тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу аса маңызды деді. Әсіресе, жастардың бойына имани сананы қалыптастыру – жат ағымнан сақтандырудың басты арнасы екенін анық. Осы тұрғыда діни шариғат пен ұлттық салт-дәстүр құндылықтарының ара-жігін жымдастыру, біте қайнастырып, бүгінгі зайырлы қоғам талап-тілектері басты назарда ұсталуы керектігі тілге тиек етілді.

Семинарда арнайы дәріс оқыған А.Жунусов, У. Шарипов, А.Әбілқадыров, Д.Байжигитов және А. Манапова жастардың жат ағымдардың жетегінде кету себептерін тереңінен түсіндіріп берді. Бұл ретте дін мен дәстүрдің сабақтастығы, тарихтағы зайырлылық, жат діни ағымдардың негізгі ерекшеліктері және адамдардың психологиялық күйі және психологиялық тұрғыдан жат ағымға бой алдыруларының себептері жайына жан-жақты тоқталды. Сондықтан бүгінгі ағымдардың арбауына түскендер білімсіздіктен дін мен дәстүрді ұштастыра алмай, өз тарихын білмей жат ағымның жетегінде кетіп жүр. Ал, білімнен, дұрыс көзқарасты танымаған адам әлбетте адасары ақиқат. Келген мамандар осы турасында кеңінен айтып, сұрақтарға жауап берді.

 

Міне, осы жайлар діни қызметкерлерге тереңірек түсіндірілді.
Екі күндік оқыту семинары ауыл молдалары үшін рухани тағылымы мол шара болды.
Соңынан барша дәріс алушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

   

 

Вам может также понравиться...