Аршалыда өткен семинар.

Аршалы аудандарына және Қосшы қаласына қарасты ауыл имамдарына арналған  оқыту семинары 2025 жылдың 16, 17 маусымда Аршалы ауданы Жібек жолы медресесінде өтті . Бұл іс-шараға қатысушылар саны – 21 адам қамтылды.

Оқыту семинарын Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит және  Ақмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» басшысы Нұркен Тілеубаев кіріспе сөзбен ашты.

Семинарда Мүфтияттан діни оңалту бөлімі меңгерушісінің м.а. Данияр Кенжалин дәріс оқыды. Дерадикализация және оңалту жұмыстарының тиімді тәсілдері және ассоциативті әдістемелік ұсынымдар мәселесіне тереңірек тоқталды.

Ал Астана халықаралық университетінің өнер және гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, тарихшы Саят Баймұратұлы – «Руханият үшін күрес немесе қазақтардың кітап ісі» тақырыбына терең тоқталып, имамдарға дәріс оқыды.

«Рухани қоғам әлемі» ҚҚ президенті «Халық алғысы» медалі иегері психолог эксперт Лимана Қойшиева «Экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы заманауи психологиялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында дәріс жүргізіп, адам баласының психологиялық күйлері және неге адам әр түрлі теріс болмаса адасқан топтарға беріліп бой алдырып қоятын себептерге кеңінен       тоқталды.

Вам может также понравиться...