Мектеп оқушыларына Рамазан тәттілер таратылды

Рамазан айының құрметіне мектеп оқушыларына тәттілер таратылды. Аталған қайырымдылық шарасы мектеп директорларымен алдын ала ақылдасу арқылы ұйымдастырылып, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан 100 бала қамтылды.
Тәттілер 1, 2 және 3-мектептердің директорлары мен мұғалімдерінің қатысуымен таратылды. Шара барысында ұлты мен дініне қарамастан барлық балаларға тең дәрежеде үлестірілді.
Атап айтқанда:
– 1-мектепте – 42 балаға;
– 2-мектепте – 30 балаға;
– 3-мектепте – 30 балаға тәттілер таратылды.
Бұл игі бастама Рамазан айының мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.






