Имамдар біліктілігін көтерді
Науан хазірет мешітінде Ақмола облысының аудан-қала имамдарына арналған екі күндік оқыту семинары болып өтті. Семинар тақырыбы – «Зияткер имам – заман талабы». Бұл бүгінгі күні дін қызметкерлерінің уақыт талабына сай жұмыс жасауына ықпал ететіні анық. Себебі, имам адамның жан-жақты болғаны абзал.
Олар дін оқуын ғана емес, зайырлы қоғамның білімімен де сусындағаны аса маңызды. Елдің тарихын, дәстүрі мен салтын білген имам шариғаттың да халыққа орайлы жетуіне себепкер болады.
Міне, аталған оқыту семинары осы мақсатта ұйымдастырылып отыр. Бұған арнайы дәріс оқитын адамдар шақырылды. Құран тағылымы, діни рәсімдердің ата салтымызбен астасуы сияқты салалар кеңінен әңгімеленді. Өз кезегінде дін қызметкерлері де көп мағұлмат алды. Соңынан оларға арнайы сертификаттар табыс етілді.