Жастар арасында үстел теннисінен сайыс өтті

Ақмола облысы бойынша жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Рухани келісім күніне» орай мешіт жастары арасында үстел теннисінен сайыс өтті.
Жарыс достық пен бауырмалдық рухында өтіп, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруды, сонымен қатар рухани бірлікті нығайтуды мақсат етті.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды:
🥇 1-орын – Бахытұлы Дархан
🥈 2-орын – Мұратұлы Аманжол
🥉 3-орын – Болат Сүлеймен.










