Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Науан Хазірет мешіті, әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен спорттық іс-шара өтті.
Бұл іс-шараға Науан Хазірет, Жақия қажы, Етекбай молда мешіт шәкірттері қатысты. Жалпы 5 команда құрылып, өзара эстафеталық тапсырмаларды орындау арқылы өз күштерін сынады. Бұл діни-спорттық іс-шара – қыз-келіншектердің рухын көтеріп, қуатын арттырып, иманын бекемдеген ерекше сайыс болды. Сайыс алаңында тек күш емес, әділдік, сабыр және бауырмалдық сыналды. Дене саулығы мен рух тазалығы қатар жүргенде – нағыз мұсылман тұлға қалыптасады.
Сайыстың нәтижесі бойынша:
1-орын — Жақия қажы мешітінің шәкірттерінен құралған «Нұрлы жүрек» тобы;
2-орын — Жақия қажы мешітінің шәкірттерінен құралған «Фәтх» тобы;
3-орын — Науан Хазірет мешітінің шәкірттерінен құралған «Хусни» тобы иемденді.
Барша қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және демеушілерге Алла разы болсын! «Күшті мүмін – әлсіз мүміннен артық әрі Аллаға сүйіктірек» (хадис). Алда да осындай рухани және дене саулығын біріктірген шаралар көп болғай!

Вам может также понравиться...