Имамдар бас қосты
Науан Хазірет мешітінде Ақмола облысының аудан және қала имамдарымен жиналыс болып өтті.
Онда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен осы жылдың 9 қазанында қабылданған «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігіне қарасты діни нысандарда өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі туралы” құжат имамдарға жан-жақты таныстырылып, өрт қауіпсіздігін сақтау, алдын алу және төтенше жағдайда қандай шара қолдану жайы түсіндірілді. Бұл құжат әр деңгейдегі имам-молдаларға таныстырылып, жергілікті мешіттерде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға тапсырма берілді.
Басқосуда Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы мешіттер мен намазханалардың құжаттарын түгендеу, заңдастыру мәселесін қозғады. Мүфтият бекіткен бағыттар бойынша жұмыс барысын сұрап, бағыт-бағдар берді.






