ҚМДБ «Халал» сертификаты табысталды

Жұма намазынан кейін Ақмола облыстық Науан Хазірет мешітінде жамағат алдында ҚМДБ «Халал Даму» стандартына сәйкес сертификаттарды табыстау рәсімі өтті.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы «Doner na Abaya» қоғамдық тамақтану орнының басшылығына ҚМДБ-ның «QMDB HALAL» сертификатын салтанатты түрде табыстап, кәсіп иелерін құттықтады.

Аталған сертификат кәсіпорынның қызметі ҚМДБ «Халал Даму» белгілеген халал талаптары мен стандарттарына сай жүргізілетінін растайды. Бұл – тұтынушыларға сапалы әрі шариғат талаптарына сәйкес қызмет көрсетудің маңызды кепілі.

Өз кезегінде кәсіп иелері көрсетілген сенім үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да халал талаптарын қатаң сақтап, халыққа адал әрі сапалы қызмет көрсететіндерін жеткізді.

ҚМДБ «Халал Даму» сертификатын алған кәсіпорынды құттықтап, берекелі де табысты қызмет тілейміз!

Вам может также понравиться...