Арман Қуанышбаев Ақмола облысында бірқатар рухани кездесулер өткізді

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) және Ғұламалар кеңесінің мүшесі Арман Қуанышбаев Ақмола облысына арнайы іс-сапармен келді.

Іс-сапар аясында ұстаз Қосшы қаласында жамағатпен тағылымды кездесу өткізіп, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, рухани тәрбие және ихсан құндылықтары жөнінде насихат айтты.

Сонымен қатар Целиноград ауданында өңір имамдарымен кездесіп, «Имамның келбеті» және «Уағыз айту әдебі» тақырыптарында семинар өткізді. Кездесу барысында дін қызметкерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі, уағызшының әдебі, насихат айтудағы даналық пен көркем мінездің маңызы кеңінен сөз болды.

Бестөбе кентіндегі «Алтын ұя» мейрамханасында ұйымдастырылған рухани кеште Арман Қуанышбаев арнайы спикер ретінде қатысып, көпшілікке рухани-танымдық насихат жүргізді.

Іс-сапар қорытындысында жұма күні Көкшетау қаласындағы Науан Хазірет мешітінде жұма уағызын жүргізіп, жамағатқа ихсан ілімі, адамгершілік құндылықтары және дін мен ұлттық дәстүрдің өзара сабақтастығы туралы тағылымды уағыз айтты.

Өңір тұрғындары мен дін қызметкерлеріне арналған кездесулер жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар рухани тұрғыдан мол тағылым алды. Мұндай іс-шаралар халықтың діни сауатын арттыруға, дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға және қоғамдағы рухани бірлікті нығайтуға өз үлесін қосады.

Вам может также понравиться...