Қайырымдылық Оразаның құрметіне арналды
Рамазан — ізгілік пен мейірімділікті насихаттайтын ай. Бір түйір нанын бөліп жейтін қазақ үшін мейірімділіктің орны бөлек.
Жақында Түркия Дін басқармасының қолдауымен жергілікті “Зекет және Қайырымдылық” қоры және «KOKSHE PRO» қоғамдық еріктілерімен бірлесе отырып, мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған шара өткізді. Осы күні барлығы 75 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Облыстың бас имамы Қуаныш қажы Сәбит мұндай қайырымдылық Ораза айында үзбей жалғасатынын айтты. Қазірдің өзінде облыс мншіттерінде қайырымдылық ауызашар астары берілуде. Осындай ізгілікке үлес қосқан кәсіпкер азаматтарға да өз ризашылығын білдірді.