Құран оқу жарысы өтті
Бүгінде Алланың кәләм сөздерін жүрекке түйіп, жаттауға ден қойған жас бүлдіршіндер көп.
Көкшетау қаласындағы «Науан Хазірет», «Жақия қажы», «Етекбай молда» мешіттерінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында Құран жарысы болып өтті. Жарысқа 6-12 жас аралығындағы қыз балалар қатысты. Құран жарыстың деңгейі — «Нәс пен Духә» аралығында өтті. Шәкірттер өздеріне түскен билет негізінде, әуелі бір сүрені толық айтып, екінші және үшінші сұрақтарда жасырылған аятты жалғастыра алды. Жарысқа қатысқан барша қатысушыларға ақшалай жүлделер табыс етілді.
Жарыс нәтижесі бойынша1-орын (40 000 теңге) Мариям Ибрагим,
2-орын (30 000 теңге) Раяна Сапарбек, 3-орын (20 000 теңге) Әсия Сұлтанқызы мен Рабиға Түрленге берілді.
Алла Тағала барша балалардың зейінін ашып, Құранға ықыласты етсін!